Ақтауда бу-газды қондырғы салынбақ

/uploads/thumbnail/20181130144821110_small.jpg

Ақтауда бу-газды қондырғы салынбақ

Ақтау қаласына іргелес Өмірзақ, Приморский, Рауан, Шығыс-3 ш/а, Мұнайлы ауданының Дәулет, Қызылтөбе елдімекендерде 1 ақпаннан бастап тариф 22,72 теңгеден 19,42 теңгеге төмендетілген. Бұл жөнінде «Энергия үнемдеу жобалары бойынша жұмыстардың нәтижелері, тарифтер» тақырыбында өткен брифингте мәлім болды.   

-Негізгі шығындар газға байланысты болғандықтан, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың өткен жылғы өңірге сапары барысында осы мәселеге мән беріліп, газ бағасы 1 шілдеден бастап 19 833 теңгеден (1000 текше метрге) 19 121 теңгеге түсірілді. Нәтижесінде біздегі негізгі өндіруші ірі кәсіпорын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 1 шілдеден бастап өңіріміздің барлық тұрғындары үшін тарифті 8 пайызға төмендетті. Бұрын тариф 14,18 теңге болса, қосымша құн салығынсыз 13,12 теңгеге азайып, облысымызға жақсы әсерін берді, — дейді Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров.

Жалпы бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Мәселен, басшының орынбасары бу-газды қондырғы құрылысы салынатынын атап өтті.

 -«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қуаты 250 МВт болатын бу-газды қондырғысын салуды қолға алды. Бүгінгі таңда конкурстың алғашқы бөлімі аяқталып, инвестор анықталды. Қазір ұсыныстары қаралып жатыр. Жоба құны 63 млрд теңге. Байқау келер жылы аяқталады, — дейді Нұрлан Базарбайұлы.

Оставить комментарий

Связанные Статьи