Ақтаулықтар жалпыхалықтық диктантқа қатысты

/uploads/thumbnail/20181130145341906_small.jpg

Ақтаулықтар жалпыхалықтық диктантқа қатысты

Бүгін республика бойынша 2 млн-ға жуық адам жалпыхалықтық диктант жазып жатыр. Латын әліпбиі негізінде жазылатын диктантқа Маңғыстау облысынан 80 мың адам қатысады деп жоспарланған.

Мемлекеттік органдарда, мекемелер мен оқу орындарында мыңдаған адам республикалық шараға қатысты. Ақтаудағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде де 150-дей мемлекеттік қызметкер диктант жазды.

— Бүгінгі диктантқа қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен 13 мыңның үстінде адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар, 15 жастан жоғары мектеп оқушылары, ата-аналар бар. Сонымен қатар, «Қала жолдары», «Каспий, жылу, су арнасы», «АУЭС» сынды мекеме қызметкерлері де өз ғимараттарында диктант жазды, — дейді Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алдашева Гүлжазира.

Барлық өңірде диктан бір мезгілде, сағат 11:00-де басталды. Мәтін алдымен үш рет тыңдалды. Ал жазу барысында әр сөйлем үш реттен оқылды. Диктантты жазып болған соң қатесін тексеру үшін тағы бір рет оқылды.

Мұнда қалалық әкімдіктің мемлекеттік және әкімшілік қызметкерлері қатысып отыр. Олар «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы 80-90 сөзден тұратын диктантты жарты сағат көлемінде жазып шықты. Қатысушылар Арнайы парақшада диктанттан бөлек қатысушылардың аты-жөні, жас мөлшері көрсетіледі.

— Қазақстан Республикасының латын әліпбиіне көшуін қолдаймын және оны қабылдау бізге қиындық тудырып жатқан жоқ. Міне, жаңа ғана әкімдік ұжымы болып латыннегізді әліпбимен диктант жаздық. Мәтін ұзақ емес әрі түсінікті. Жаңа әліпбиді тез меңгеріп кетеміз деп ойлаймын, — дейді қатысушы Ұлболсын.

Еске салайық, арнайы құрылған жұмыс топтары критерийлерге сүйене отырып әріптік, тыныс-белгі қателерін тексереді. Диктант қорытындыларын 5 жұмыс күні ішінде шығарып, жариялайтын болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи