Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Маңғыстау облыстық Қазақстан Халқы Ассамдлеясының ХХІІ сессиясы отрысында осылай деді. Ол Маңғыстау жерінде Ұлт көшбасшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуіне қатысты жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.
Басшының айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде облыс орталығында 22 жеке құрылыс компаниялары 2300 пәтерлік 15 тұрғын үй кешенінің құрылыстарын жүргізіп жатыр. (1 шаршы метрдің орташа құны 178 мың теңге, 140 мыңнан 240 мыңға дейін).
«Екінші деңгейлі банктер 335 өтінімді қарап 1,8 млрд. теңгеге 216 несиені мақұлдады (1,4 млрд. теңгеге 170 несие берілді). Жыл аяғына дейін«7-20-25» бағдарламасы бойынша 900 пәтер тапсырылады, - деді ол.
Сондай-ақ «7-20-25» бағдарламасының талаптарының қолжетімділігін жақсарту мақсатында, бастапқы төлемді төмендету бойынша арнайы механизм жасақталды. Механизм «Банкцентркредит» пен «Форте банк» тарапынан қолдау тауып, Банктер Басқармасы мен «Баспана» АҚ-на келісуге жолданған.
Оставить комментарий