Ақтауда «Жарқын болашаққа – Жаңғыру жолымен» атты Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті. Оған Қазақстан халықтары Ассаблеясы төрағасының орынбасары Тварионас Виталий Ионо, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Нәзипа Шанай, «Қоғамдық келісім» өкілдері, республика бойынша делегаттар, мәслихат хатшылары мен депуттатары, аудан және қала әкімдері қатысты.
«Біздің міндетіміз – Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін арттыру және еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау. Сондықтан, әрбір жасаған жұмыстарымызға жауаптылықпен қарауға тиістіміз. Дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылған Тәуелсіз Еліміздің алға қадам басқанында Сіздердің әрқайсыларыңыздың үлестеріңіз бар! Сол үшін де Сіздерге ерекше алғысымды білдіремін. «Бірлігі бар елдің, тірлігі де берекелі болады» - деген дана халқымыз. Жұмылып жасаған ісіміздің нәтижелі болары анық», - деген Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов Ассамблея аясында өңірде жасалған жұмыстарды қорытындылады. Облыстағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуына айтулы үлес қосып жүрген өңірдегі барлық этнос өкілдеріна алғысын айтты.
Сессия барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Виталия ИоноТварионас, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш. Исмаилов, «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің өкілі, StreetWorkaut 2018 жыләлем чемпионы И.Ягьяев, Жиһаз шығару цехының директоры А.Чигин, сөз сөйледі.
Ш. Есенов атындағы КМТИУ «Қазақстан халқы Ассмаблеясы» кафедрасының меңгерушісі А.Мамбетова Елбасы жолдауын талқылап, ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың атқарған жұмыстарына тоқталды.
«Бүгінде облыста 20 этномәдени бірлестік бар. Олар еліміздің қоғамдық өміріне, аймақта өтетін шараларға белсенді қатысады. Биыл Ақтауда жаңа ассамблея ғимараты пайдалануға берілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық ассамблея «Ұлы дала елі мұрасы» тарихи акциясын, «Асар. Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясын өткізді. Жыл сайын қайырымдылық мақсатта меценаттар форумын өткізіп келеді. Елбасы жолдауын жүзеге асыруда белсенділік танытатын ҚХА кеңесінің 6 қазан күні Астанада кеңейтілген отырысы өтті. Жолдауда көрсетілген нақты бағыттар бойынша жұмыстар жоспарланды», - деді Виталий Ионо өз сөзінде Сондай-ақ ол Астана қаласының 20 жылдығына Маңғыстау облысы тарту еткен ассамблея ғимараты үшін астаналықтар мен ассамблея мүшелері атынан алғысын білдірді.
Ал «Вайнах» шешен және ингуш этно мәдени бірлестігінің өкілі Д. Элимханов: «Келесі жылды Елбасымыз «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі, бұл жастарға көбірек көңіл бөлінеді деген сөз. Сондықтан біз өз еңбегімізбен, білімге құштарлығымызбен және нақты істерімізбен еліміздің даңқын шығаруға міндеттіміз! Бізге тәуелсіздікті сақтау және нығайту үшін ерекше жауапкершілік жүктелді! Тәуелсіздігіміздің тұғыры – мемтелкеттік тіліміз. Елбасымыз айтқандай, мемлекеттік тіліміз бұл – Ту, Елтаңба, Әнұран сияқты ұлтымыздың символы, еліміздің болашағы. Сондықтан 2016 жылы қазақ тіліне ден қойып, үйрене бастадым. Өйткені біз осылай ғана мәдениетімізді, дәстүрімізді, тәуелсіздігімізді сақтай аламыз», - деді өз баяндамасында.
Сессия соңында облыс әкімі Е.Тоғжанов белсенді қоғамдық қызметі, ұлттық бірлікті нығайтуға және қоғамның рухани дамуына қосқан үлесі үшін облыстық этномәдени бірлестіктер мүшелеріне Алғыс хат табыстады.
Оставить комментарий