Ерлер, әйелдер самбо күресі және жауынгерлік самбодан биылғы әлем чемпионаты Румыния елінің Бухарест қаласында өтті. Жарыстың соңғы күні, 11 қарашада, Нұркен Домбаев қоржынға қола медаль салды.
Жарысқа әлемнің 80 елінен 450-ден астам спортшы қатысты. Ерлер – 9, әйелдер – 9, жауынгерлік самбо – 9 салмақ түрінен бақ сынады.
Нұркен Домбаев 52 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сайысқа баптаған жаттықтырушысы – Берік Жұмағалиев. Палуан қырғыз, хорват, өзбек, моңғол самбошыларын жеңген болатын. Дегенмен шешуші кезеңде армениялық балуанға қолының жарақаты салдарынан есе жіберді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері самбо күресінің 80 жылдығы медалімен бірге 1-орынға 3000$, 2-орынға 2000$, 3-орынға 1500$ ақшалай сертификаттарымен марапатталды.
3 күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрама командасының қоржынына 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль түсті. Ал жалпы командалық есепте Ресей құрамасы – 1 орын, Грузия – 2 орын, Қазақстан құрамасы – 3 орын алды.
Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен палуанды жақындары, достары мен жанкүйерлері әуежайдан қарсы алды.
Оставить комментарий