Ақтаудағы ашихара-каратэден ӘЧ-да Қазақстан үшінші орын алды

/uploads/thumbnail/20181130151006225_small.jpg

 

Ашихара-каратэден әлем чемпионаты 8-10 қараша күндері «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өтті. Оған әлемнің 20 елінен 243 спортшы қатысты. Сайыс нәтижесінде Ресей құрамасы көш басына шықса, Румыния спортшылары екінші орын алды. Ал үздік үштікті жерлестеріміз қорытындылады.

Айта кетейік, ашихара-каратэден VI Әлем чемпионатына ұйымдастыру комитетінің менеджері Игорь Отаров, «Ашихара-каратэ қоғамдастығы–жаңа халықаралық каратэ» ұйымының басшысы Кантё Хиденори Ашихара және спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты

-Әлем чемпионаты ең алдымен салауатты өмір салтын насихаттау шарасы. Сондықтан мұндай шараға басшылық немесе спортшылар ғана емес, қоғам боа атсалысуымыз қажет. Мен бұған дейін мұндай жоғары деңгейде ұйымдастырылған чемпионат көрмедім десем артық айтқаным емес. Толықтай заманға сай жасақталған, қабырғалардың бәрі ашихара-каратэ жайлы сөйлеп тұрғандай. Қайда қарасам да маған әкемнің жанарын көргендей боламын. Бұл сайыстан кейін сіздің елде каратэ спортына қызығушылар саны артады деп үміттенемін, — дейді ашихара-каратэ халықаралық ұйымының жетекшісі Хиденори Ашихара.

Каратэшілердің бұл сайысы Қазақстанда ғана емес, Азия аумағында алғаш рет өтті. Оған Ауғанстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Дания каратэшілері қатысты. Баландин Александр, Нургазыев Мирас, Зуенко Дамир, Романова Софья сынды ақтаулық спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи