Маңғыстау әкімі мемлекеттік органдарға тарифтер мен бағаларды төмендетуді тапсырды

/uploads/thumbnail/20181130151448651_small.jpg

Маңғыстау әкімі мемлекеттік органдарға тарифтер мен бағаларды төмендетуді тапсырды

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов коммуналдық қызмет тарифтері, азық-түлік, дәрі-дәрмек, медицина, білім беру, қызмет көрсету саласындағы ақылы қызметтер т.б. мәселелер бойынша өткен жиында мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Соның ішінде энергетика және ТҮКШ басқармасына коммуналдық қызметтердің тарифтері жөніндегі кеңес құру және оның құрамына барлық мүдделі тараптарды енгізу тапсырылды. Аудандар мен қала әкімдеріне ведомстволық мемлекеттік ұйымдар мен ПКСК (мысалы қоқыс, лифтілер шығару, тұрғын үйге қызмет көрсету және т.б.) тарифтерді төмендету жөніндегі нақты шараларды қабылдау жөніндегі жұмыс топтарын құру тапсырылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

*Денсаулық сақтау, білім, жолаушылар көлігі және автожолдар, құрылыс басқармалары аудандар мен қала әкімдерімен бірлесіп, жетекшілік ететін салаларда бағалар мен тарифтерді төмендету жөнінде өзара іс-қимыл және нақты шаралар әзірлеу жөнінде жұмыс топтарын құрсын.

*Кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармалары аудандар мен қала әкімдерімен бірлесіп, ЖЖМ, азық-түлік өнімдері, әсіресе мереке алдындағы және мереке күндері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тұрақты және қатаң мониторингті қамтамасыз ету.

*Аудан және қала әкімдері тұрақты түрде  азық-түлік өнімдерін, жергілікті өндірушілердің өнімдерін жылжыту және сату бойынша жәрдем көрсете отырып, олардың ағымдағы жағдайын қадағаласын.

*Ірі компаниялардың басшылары 2019 жылғы сатып алу жоспарында жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін барынша сатып алуды көздесін. Олар болмаған жағдайда және басқа қалалардағы ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу, облыс аумағында басқа қалалардағы компаниялардың филиалдарын тіркеуді қамтамасыз етсін.

*Монополияға қарсы Департамент нарық  қатысушыларының теріс пиғылды іс-әрекеттеріне дер кезінде ден қою, бағаны негізсіз көтеруді сөз байласуға жол бермеу.

*Ұлттық Банктің филиалына екінші деңгейдегі банктермен, "Қазпошта" АҚ филиалымен бірлесіп, банктік қызмет көрсету саласындағы тарифтерін төмендету, ауылдық жерлерде олардың филиалдарының қатысуын кеңейту жөнінде нақты шаралар қабылдасын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи