«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында облыста экономиканың барлық саласын қамтитын цифрландырудың жол картасы бекітілді. Облыстағы білім және денсаулық ұйымдарының барлығы кең жолақты интернетпен 100% қамтылды. Бұл жөнінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
-Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында «Қауіпсіз қала» жобасы аясында 600 бейнебақылау камералары орнатылады. Пилоттық режимде Ақтау қаласында 10 үй «Е-шаңырақ» ақпарттық жүйесіне қосылды. Аталған үйлерде жылу, су, электрдің нақты есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйе орнатылып, приборлардан көрсеткіштер онлайн тәртібінде алынады. «Қазақтелеком» компаниясының қолдауымен облыстың барлық елді мекендері интернет желісімен толықтай қамтылды, оның жылдамдығы арттырылды, - деді ол.
Сонымен қатар өндірістік кәсіпорындар (мұнай компаниялары) өндіру процесін арттыру және автоматтандыру мақсатында кен орындарында цифрлық элементтер енгізген.
Айта кетейік, республикада облысымыз бірінші болып 1 қазаннан бастап толықтай цифрлық хабар таратуға көшті.
Оставить комментарий