Маңғыстауда бағаның негізсіз өсуі бақылауға алынады

/uploads/thumbnail/20181130152219516_small.jpg

 

Облыс әкімі  Ералы Тоғжанов коммуналдық қызмет тарифтері, азық-түлік, дәрі-дәрмек, медицина, білім беру, қызмет көрсету саласындағы ақылы қызметтер, құрылыс материалдары мен 1 шаршы метр тұрғын үй бағасы, ЖЖМ тарифтері, байланыс қызметтері және басқа мәселелер бойынша кездесу өткізді.

Аймақ басшысы қоғам белсенділеріне, үкіметтік емес ұйымдарға, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдеріне, мемлекеттік басқармалар мен департаменттерге,құқық қорғау органдарының басшыларына бағаны төмендету жолдарын талқылауды және  бағаны төмендетуге кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді шешуге арналған жоспар әзірлеуді ұсынды.

«13 қараша күні Премьер Министрмен өткен Үкімет отырсында, Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында, 2019 жылдың 1 қаңтарынан  бастап  тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын және тарифтердің құнын төмендету туралы тапсырма берілді. Баға белгілеу кезінде ескерілетін негізсіз шығындарды алып тастау  есебінен бағалар мен тарифтерді төмендетуді  қамтамасыз ету міндеті қойылды. Халық кеңестердің, жұмыс топтарының, мемлекеттік органдардың, қала және аудан әкімдерінің, бизнес өкілдерінің,  үкіметтік емес ұйымдардың және монополистердің жұмыстары туралы хабардар  болуы қажет. Аталған топ өкілдері проблемалық мәселелерді ашық режимде талқылап, оны шешу жолдарын ұсыну қажет. Қазір біз 1 желтоқсанға дейін қандай тауарлар мен қызметтерге, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап нақты бағалар мен тарифтерді төмендете алатынымызды анықтап алуымыз керек», - деді Ералы Тоғжанов.

«Бахыт» ПИК басшысы облыс әкіміне Ақтау қаласы бойынша ағымдағы мәселелер тізімін берді. Оның ішінде жөндеу жұмыстарын, ауыстыруды  қажет ететін нысандарға және кәріз жүйесіндегі мәселелерге тоқталды Сондай-ақ жаз мезгілінде ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі мен жұмсақ шатырды металлға ауыстыру қажеттілігін айтты. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов  жұмыс тобына ұсынылған мәселелермен айналысуды тапсырды.

Никар Рафикова көлік тарифтерінің бағасының өсуіне әсер ететін өзекті мәселелерді айтты. Сондай-ақ электр энергиясын тарату және жеткізу үшін ақша алатын барлық компанияларға тексеру жүргізуді ұсынды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи