Маңғыстау облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы отрысында жасаған баяндамасында облыс әкімі денсаулық, білім, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала қызметкерлері мен жастар үшін жасалған игі істерге тоқталып өтті.
Биыл 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші – 84%-тен 97%-ке артқан (РК – 93,1%). Келесі жылы бұл көрсеткішті 100%-ке жеткізу көзделген.
Өңірде апатты жағдайдағы мектептер жоқ. Демографиялық өсімнің жоғарылығына байланысты үш ауысымдық оқыту мәселесін шешу жолға қойылған. Осы бағытта жаңа оқу жылында жалпы сыйымдылығы 6300 орындық 9 жаңа мектеп қолданысқа берілді.
Тағы 4 мектептің (сыйымдылығы 2200 орындық) құрылысы 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылған.
-Оқушылар контингентінің жыл сайын 6 мыңға артуын есепке ала отырып, 2019 жылға тағы 14 мектеп құрылысы республикалық бюджеттен қаржылындыруға қосымша ұсынылатын болады. Алдымызда тұрған өзекті мәселенің бірі – студенттерді жатақханамен қамту. Жалпы қажеттілік 2600 орын (колледждер үшін – 1600 орындық 5 жатақхана, университет үшін – 1000 орындық 2 жатақхана), оның ішінде осы жылдың соңына дейін 550 орындық 2 жатақхана пайдалануға беріледі (энергетикалық колледж – 200 орын, гуманитарлық колледж – 350 орын), - деді аймақ басшысы.
Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін кеңінен қолдану қолға алынған. Мәселен Жаңаөзен қаласындағы гемодиализ орталығы, Маңғыстау облыстық және Бейнеу аудандық ауруханаларында компьютерлік томограф орнату, денсаулық сақтау ұйымдарында УЗИ орнату.
-Облыс орталығында Ана мен бала өңірлік Орталығы қолданысқа берілді. Көптен шешімін таппай келген, құрылысы ұзаққа созылған онкологиялық орталықтың құрылысы жер қойнауын пайдаланушы компания қаржысы есебінен (NCOC – 7 млрд.теңге, мердігер – Еврострой) қазан айында қайтадан басталды, - деді Ералы Лұқпанұлы.
Оставить комментарий