Бұқаралық ақпарат құралдарына шақыру

/uploads/thumbnail/20170708175207036_small.jpg

Барлық Бұқаралық ақпарат Құралдарының басшыларына!

ШАҚЫРУ

Құрметті әріптестер!

2015 жылдың мамыр айының 3-7 аралығында « Алматы – Талдықорған – Аягөз – Ақжар» маршруттары бойынша Қазақ Хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған «Бірлігі мықты ел озады» атты шеру- марафоны өткізіледі. Шеру аясында, ту ұстап ел қорғаған Ер Дәулетбай батырға Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар селосында ескерткіш тұрғызылады. Осы мәні де маңызы да зор, мәдени, рухани іс – шараға арналған баспасөз мәслихаты 2015 жылдың 29 сәуірі күні күндізгі сағат 15:00 де Астана қаласының Абай қонақ үйінің мәжіліс залында өткізіледі. Баспасөз конференциясына республикалық мемлекеттік комиссияның мүшелері, танымал тарихшылар және шеруді ұйымдастырушылар қатысады. Журналистерге алдын ала аккредитациялық-тіркеуден өтуді ұсынамыз.

Журналистерді тіркеуге жауапты:

Сейітқызы Айшолпан: 87757176006; 87015551145

Email: s.tugel@mail.ru ; seitkyzy66@gmail.com

Құрметпен, «Ұлы Дала Қырандары»

әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағасы,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы                                                                            Сәдібек Түгел

Связанные Статьи