40 мыңнан астам ақтөбелік «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасымен қамтылған

/uploads/thumbnail/20181210125645538_small.jpg

Ақтөбе облысында халықтың өзекті мәселелерін шешу және экстремизм мен терроризмге қарсы тұру мақсатында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылуда. Аталмыш жоба соңғы үш жылда 7 рет өткізіледі.

Бұдан бұрын да өңірде Халықпен жұмыс істеудің негізгі екпіні ретінде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге, Діни экстремизмнің алдын алуға, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелерін түсіндіруге және бизнес ортаны дамытуға баса назар аударылған.

Жоба аясында 10 күн ішінде Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар және Темір аудандарында 42 мың адамды қамтыған 996 іс-шара өткізілді. Кеңес беру және практикалық көмекті 5 мыңнан астам адам алса, 36 адам жұмысқа орналастырылды, сонымен қатар, 89 еңбек шарты жасалды. Сондай – ақ, 35 азаматқа материалдық көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасыларға жаңа форматтағы әлеуметтік көмек тағайындалды.

4000 ауыл тұрғындары облыстың үздік дәрігерлерінен медициналық тексеруден өтті, 21 күрделі хирургиялық операция жасалды, сонымен қатар, 218 отбасыға медициналық егуден бас тарту салдары түсіндірілді. Жұмыс топтарының сарапшылары ауылда бизнес ортаны дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Жоба жүзеге асырылғаннан бері 236 адам оқыту семинарлары мен тренингтерден және шеберлік - класстардан өтті. Кәсіпкерлерге айналым қаражатын толықтыруға және негізгі құралдарды сатып алуға пайыздық субсидиялау бойынша көмек көрсетілді, сондай-ақ шаруа қожалықтарына да ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға инвестициялық субсидия түрінде қаржылық қолдау көрсетіліп отыр.

2500-ден астам тұрғын Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауының, «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы», «Рухани жаңғыру» бағдарламалық құжаттарын түсіндіру бойынша кездесулерге қатысты.

Кездесу барысында экспресс-сауалнамалар арқылы халықтың өзекті мәселелері анықталды. Облыстың 23 тұрғыны облыстық және аудандық газеттерге тегін жазылу сертификатына ие болды.

Теологтар мен имамдар ауыл тұрғындарымен жеке және топтық кездесулер өткізеді.

Сондай-ақ, 5 мыңнан астам адамның қатысуымен терроризмге қарсы тұру бойынша оқу-тәжірибелік сабақтар өткізіледі.

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы жұмыс 17 – қарашаға дейін жалғасады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи