Жүзуден ҚР Кубогында Ақтөбе облысының құрамасы 8 Кубокты жеңіп алды

/uploads/thumbnail/20181210125840279_small.jpg

Теміртау қаласында жүзуден ҚР Кубогы өтті. Оған Қазақстанның 15 өңірінен 286 спортшы қатысты. Жарыста барлығы 12 кубок ойналды, оның ішінде 8 кубокты ақтөбелік спортшылар жеңіп алып, қарсыластарына тек 4 кубокты ғана қалдырды. Бұл жарыстың ерекшелігі үш қашықтық бойынша жинаған ұпай саны арқылы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Жүзуден Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Азамат Сарбасовтың айтуынша, облыс спортшыларының бұл өнер көрсетулері сәтті болып саналады. Келесі жылы бұл спортшылар 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін нормативтер орындайтын болады. Ақтөбе қоржынына 8 Кубок әкелген жүзушілер тізімі:

Диана Назарова - 50, 100, 200 метр шалқалап жүзуден (әйелдер);

Глеб Коваленя - 50, 100, 200 метр шалқалап жүзуден (ерлер);

Айбек Камзенов - 50, 100, 200 метр брасс әдісімен (ерлер);

Диана Тасжанова -50, 100, 200 метр баттерфляй әдісімен (әйелдер);

Қайрат Нұржанов - 50, 100, 200 метр баттерфляй әдісімен (ерлер);

Алибек Камзенов - 100, 200, 400 метр кешенді жүзу (ерлер);

Диана Злобина - 50, 100, 200 метр еркін стильмен (спринтер) және 200, 400, 800 метр (стайер).

Сондай-ақ, Глеб Коваленя осы жарыста ҚР спорт шебері нормативін орындады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи