Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында - Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Жылқыбаев Ержан Жұматұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Медеу ауданы 210 мыңнан астам тұрғыны бар Алматыдай алып шаһардың 40 пайыз жер көлемін алып жатқан қашаннан өркениет пен өнердің, спорт, мәдениет, ғылым мен білімнің, өнеркәсіптің дамыған орталығы.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге, 28 мыңнан 42,5 мың теңгеге дейін артады, бұл Медеу ауданының 10 мыңнан астам тұрғындарының жалақысын көбейтуге әкеледі. Сондай-ақ білім беру мен медицина саласындағы қызметкерлердің жалақысын орташа есеппен 35% -ға артуы күтілуде.
Ауданда бұл 2000-нан астам білім беру қызметкерлеріне және 3000 жуық медицина қызметкерлеріне әсер етеді.
Ауданның 6 ірі кәсіпорнында жалақы қорын қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіліп, онда 530 қызметкерге жалақының өсуі жоспарлануда.
Шағын және орта бизнестің (ШОБ) дамуына аса назар аударылуда. Олар үшін көптеген бағдарламалар жұмыс істейді және жүзеге асырады. Барлығы 13 млрд. теңгеге инвестиция салынып, 500-ден астам жұмыс орны ашылды.
10 айдың ішінде республикалық бюджетке іс жүзінде 350 млрд. теңге, жергілікті бюджетте 84 млрд. теңге түсті.
Мемлекет басшысы атап өткендей, кәсіпкерліктің өз жұмысын таза қағаздан яғни жұмысын жаңадан бастау үшін, ШОБ үшін салықтық амнистия 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығатын болады.
Медеу ауданында ғана ШОБ субъектілерінің салықтық қарызы шамамен 2,8 млрд. теңгені құрайды, яғни бұл 1 мыңнан астам компаниялар, осы қаражат негізінен бизнесті дамыту үшін пайдаланса қайда тиімді болады.Сонымен қатар индикаторлардың өсуімен біздің инвестиция көлемі 63,9% -ға өсіп, 138,1 млрд. теңгені құрады, Ауданның қалалық көлемдегі инвестицияларды дамытудағы үлесі 25% құрайды. Инвестициялардың пайда болуымен ШОБ дамып келеді.
Мұнда туризм біздің ауданның басты қозғаушы күші болып табылады, себебі Көктөбе, Орталық мәдениет және демалыс паркі, Шымбұлақ, Медеу секілді ең көп баратын туристік орындар бар. Шымбұлаққа және Медеуге күнделікті тәулігіне 28 мың адам аралайды, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңінен 2 есе артық.
Жаһандық тағайындалған қалалар индексі бойынша шетел туристері тәулігіне 245 АҚШ долларын жұмсайды. Сонымен қатар тау туризмінен түскен пайда жағажайдан 5 есе жоғары
Ауданда 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 500 млн. теңгеден астам сомаға 40 жоба жоспарланған. Халыққа қандай мамандықты тегін алуға және өз мансабын бастауға мүмкіндік береді.
Осы бағдарламалардың аясында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына 2,5 мыңға жуық адам өтініш білдірді.
2018 жылдың 10 айында Алматы қаласының даму бағдарламасы аясында 3606 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, біздің ауданда «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА жұмыс істейді, онда 140-тан астам компания тіркеліп, 544 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 288 жоғары білікті жұмыс орны.
Білім саласы. Ауданында жыл санап оқушылар саны артуда, барлық мектептер бойынша 780 орын жетіспейді.
№12, №35, №56, №131, мектептерінде және №172 Думан ы.а. мектепте орын жетіспеушілік бар.
Сондықтан, мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында 600 орынға арналған 168 мектеп гимназия тұрғызылды.
Думан ықшам ауданы 2019 жылы 850 орынға қосымша құрылыс жоспарда.
Алатау ш.а. орналасқан №7 мектептің спорт залында ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Барлық мектептер ауданы бейнебақылаумен 100% қамтамасыз етілген (әрбір мектепте 8-ден 12-ге дейін камера қойылған).
Мұғалімдерге оқушылардың үлгерімін бағалау және электронды журнал жүргізумақсатында 400-ден астам ноутбук алынды (экран мен проектор кешені кіреді).
8 мектепте робототехника сыныптары іске қосылды.
13 мың оқушы 148 тегін үйірме, түрлі секциялармен қамтылды.
Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында үшінші жыл қатарынан «Медеу ауданы мектептері түлектерінің» Форумы өткізіліп келеді. Форумының өткзудегі негізгі мақсаты – Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру және аудан мектептеріне түлектердің қатысуымен қосымша инвестиция тарту.
Аталған жоба іске асыру нәтижесінде соңғы үш жылда мектептерге 160 млн. теңге сомасында демеушілік қаражат тартылып, бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
Ауданда 18 мемлекеттік балабақша, 46 жеке балабақша және 28 жеке шағын орталықтардың барлығы 6,5 мың баланы қамтуда.
Әр жыл сайын ауданда 20 балабақша ашуды жоспарға қойылған.
Екі жылдың ішінде ауданда кәсіпкерлердің қолдауымен сыйымдылығы 1200 орынға, 4 млрд. тг. асатын 44 жеке балабақша ашылды.
Осы жылы 13 балабақша ашылып, кезек 30 % дейін төмендеді.
Жыл соңына дейін тағы 7 жаңа балабақша мен мектепке дейінгі ұйым ашуды көздеп отырмыз.
Денсаулық сақтау. Ауданда 11 медициналық мекеме қызмет атқарады, оның ішінде 3 мың медициналық ққызметкер жұмыс жасайды. 5 жыл бойы қала бойынша біздің аудан 16 көрсеткіш бойынша 1-ші орынға ие болуы жанға жайлы жаңалық.
Ауданның емханалары 230 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Өткен жылы медициналық мекемеге жүгінгендер саны 1 млн астам.
Көріктендіру. Екі жарым жыл ішінде 4 млрд. тг. аудан көлемінде 300 аула абаттандырылды.
Биыл 1,9 млрд. тг. 100 аула абаттандырылып, 88 мыңға жуық тұрғын қамтылды.
Жөндеу жұмыстары тек аулаларда ғана емес, ұзақ жылдар жөндеу көрмеген 60 үйдің сыртқы фасады 70 млн. тг. жаңартылды. Ол Достық, Назарбаев, Абай даңғылдары Сәтпаев, Қажмұхан және Әйтеке би көшелері.
Аймақтарды дамыту 2020 бағдарламасы аясында 47 көпқабатты үйдің жөндеу жөндеу жұмыстары аяқталды.
Думан ықшам ауданының 30 мың тұрғыны 10 жыл бойы су құбырын және кәріз жүйесін жүргізуді сұрап келген. Міне биылғы жылы бұл мәселе қолға алынып, 1 млрд. 344 млн. теңгеге инженерлік желілердің құрылысы, сумен қамту (14 км) және кәріз құбырының (23 км.) жұмыстары 84% дайын, жыл соңына дейін аяқталады.
Аудан аумағында 365 астам көше бар, тазаланатын жолдардың аумағыны 5 мың км2 құрайды, ұзындығы 403 км.
Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 16 км асатын, 30 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаражат көлемі 1 млрд. тг құрайды.
7 көшеде (8,6 км.) жаңа тротуарлар құрылысы жүргізілді.
Көшелерді қысқы тазалауға ауданда 167 дана техника, 407 жұмысшылар жұмылдырылған. Сонымен қатар, қысқы уақытта 300 адам қосымша алынады.
Жарықтандыруға қатысты, біздің ауданда 445 км. сыртқы жарықтандыру желісіне қызмет көрсетіледі.
Ағымдағы жылы 40 мыңнан астам тұрғындарды қамтитын 23 көшеде заманауй жарық диодтарымен жарықтандыру жүзеге асырылды (олар әл-Фараби, Шығыс айналма жолы және ауданның тығыз орналасқан елді мекендері).
Ағымдағы жылы ауданда 3 жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде 173 млн. тг күрделі жөндеу жүргізілді.
«Бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік» бағдарлама аясында ағымдағы жылы Алматы қаласының Орталық саябағын қайта жаңғыртуға 1,6 млрд. тг қаражат жұмылдырылған.
Сонымен қатар, бүгінде қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 12,6%-ға төмендеген.
Ауданында бөтен біреудің мүлкін ұрлау қылмысы санының төмендегені де байқалады. Бүгінге дейін 3706 (2017 ж. - 4331) қылмыс тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға төмен.
2019 жылға негізгі жоспар:
2)Терренкур демалыс орнын, Думан – 2 шағынауданындағы, Жолдасбеков көшесінен төмен Мендіқұлов, Шухов, Самал, Журналистер, Мемлекеттік Мұражай скверлерін жөндеу.
3) Айтеке би көшесін Қалдаяқов көшесінен Кіші Алматы өзенінен дейін және Кіші Алматы өзенінің бойын Гоголь көшесінен Добролюбов көшесіне дейінгі аралықта күрделі жөндеу. Дат архитекторы Ян Гейлдің ұсыныстары аясында.
4) 42 көшеде жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;
5) Бутаковка ықшамауданының негізгі көшелерін қосқанда 64 көшені жарықтандыру;
6) Медеу ауданындағы арық желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.