Алуа Серікқызы, саясаттанушы: Орта тапты дамытудағы ақпараттық қамтамасыз ету

/uploads/thumbnail/20170708175237177_small.jpg

Азаматтық қоғамды дамыту үшін саяси, құқықтық және экономикалық алғышарттармен қатар, мемлекетте орта тап өкілдері санының ұлғаюы да маңызды фактор. Мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жаңартулардың тереңдігі мен ырғағы орта таптың сандық әрі сапалық көрсеткіштеріне де байланысты екенін көптеген мемлекеттердің дамуы айқын көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, орта тап қазақстандық ұлттың негізі, кәсіби мемлекеттік аппаратты дамытушы бөлігі болып, қоғамда сонымен қатар, ортақ құндылықтар мен көзқарастар жүйесін қалыптастырады. Орта тап өкілдерінің санын ұлғайту әлеуметтік жағдайды жақсартып, халықты жұмыспен қамту мәселелерін де шешеді.

Орта тап өкілдері жаңа құндылықтарды таратушы, жаңа дүниетаным иелері ретінде мемлекеттегі әлеуметтік әрі мәдени модернизацияны жүргізуде өз ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, орта тап өкілдері санын ұлғайту қоғамда тиімді бәсекелестік орта қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді.

Осы орайда мемлекеттегі «отандық өнімге қолдау», «Қазақстанда жасалған» акциялары тек отандық өндірушілерді жарнамалау немесе оларға қолдау көрсету ғана емес. БАҚ арқылы сәтті шағын бизнес жобаларының жүзеге асырылуы туралы ақпараттық қамтамасыз ету мемлекет азаматтарын орта таптың негізін құрайтын шағын бизнестің өкілдері болуға итермелеп, септігін тигйзеді. Сол себепті, әр түрлі ақпараттық әрі коммуникативті технологияларды пайдалана отырып, шағын бизнесті дамыту идеясына жағымды әсер етуге болады.

Связанные Статьи