Қазақстанда “Полиция аруы-2014″ байқауының жеңімпазы 24 жастағы қостанайлық Гузель Шаяхметова атанды.
Гузель Шаяхметова Қостанай облыстық ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты ретінде қызмет атқарады. Ол Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Отбасындағы жалғыз қыз. Семей қаласында орта білім алған Гузель 2009 жылы ІІМ Қостанай Академиясының тыңдаушысы атанып, болашақ мамандығын ішкі істер саласымен байланыстырады. Соңғы екі жыл бойы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдермен тығыз жұмыс істеп келе жатқан полиция аға лейтенанты өзін үлгілі қызметкер, білікті маман ретінде де таныта білген. “Оған осы санаулы жылдар ішінде Гузельдің Қостанай облыстық ІІД, ҚР ІІМ Қостанай Академиясы мен Қостанай қалалық ІІБ басшылығынан алған марапаттары мен алғыс хаттары айғақ бола алады”, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
BNews. Бизнес сейчас