Алматыда тоғызқұмалақтан 3-ші әлем чемпионаты өтті (фото)

/uploads/thumbnail/20170708175312764_small.jpg

Әлемнің назары қазақтың ұлттық ойынында...

12-18 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан 3-ші әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 23 мемлекеттен 60 ойыншы қатысты. Швейцар жүйесі бойынша 7 турдан жарыс Классика, рапид, блиц түрлерінен өткізілді. Жарысқа АҚШ, Антигуа, Барбуда, Ауғанстан, Әзербайжан, Гана, Германия, Грузия, Италия, Колумбия, Молдова, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Индия, Ұлыбритания, Чехия, Швейцария, Қазақстан құрама командаларының  спортшылары қатысты.

unnamed

Бұл жолғы жарыста Қазақстан командасы барлық 1-орынды жеңіп алды.  Сайыста ҚазҰУ-нің халқаралық қатынастар факультетінің студенті Явари Малика өз елі Ауғанстанның намысын қорғап шықты. Бұл дегеніміз біздің Қазақстаннан білім алып жүрген шетелдік жастардың, қазақ ұлтының мәдени ойындарына  белсене ат салысып, өз еліне дәріптеп жүргенінің белгісі. Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны күн сайын жетіліп, халқарада абыройлы әрі сұранысқа ие зияткерлік ойынның түріне айналып келеді. Бұл жолғы жарыстың тағы бір ерекшелігі Тоғызқұмалақ халқаралық қауымдастығының басшыларының қайта жасақталуы болды. Әлихан Байменов жалғасты ұлттық ойынның тізгінін ұстайтын болды. Есесіне төраға орынбасарлығына швейцариялық Джон Решицкий, Қытайдан келген Жарқын Сейіт, қырғызстандық Қамчыбек Қасы­мов және қазақстандық Дін­мұхаммед Ыдырысов бекітілді. Федерацияның бас хатшысы қызметін Мақсат Шотаев, атқарушы директорлығын Ырысбай Әбді­жаппаров атқаратын болды.  Әлихан Байменов мырза: «Алда  Еуропа және Азия чемпионаттарын өткізумен қатар, 2017 жылғы көрме қарсаңында Астанада IV әлем чемпионатын өткізсек деп жоспарлап отырғанын айтты.» Әлихан ағаның бастауында тоғызқұмалақты әлі талай белестерге жеткіземіз деп сенеміз. Ұлт үшін қызмет етеміз!

Тоғызқұмалақтан 3- әлем чемпионатының нәтижесі:

Ерлер арасындағы мен әйелдер арасындағы сайыстың жүлдегерлерінің орын дәрежесі қатар жазылды.

Рапид мәнері Блиц мәнері Классикалық үлгі
Қабиев Нұрбек (Қазақстан) 1-орын Серік Ақтаев (Қазақстан) 1-орын Хакімжан Елейсінов (Қазақстан) 1-орын 
Дәлиева Әсел (Қазақстан) 1-орын Сапарбаева Салтанат (Қазақстан) 1-орын Дәлиева Әсел (Қазақстан) 1-орын
Анарбек Жамакеев (Қырғызстан) 2-орын Нұрбек Қабиев(Қазақстан) 2-орын Жанат Қай­мул­­дин (Қазақстан) 2-орын
Диана Кенина (Қазақстан) 2-орын Дәлиева Әсел (Қазақстан) 2-орын Аида Керімбекова (Қыр­ғызстан) 2-орын
Алексей Петерс (Гер­мания) 3-орын Алек­сей Петерс(Германия) 3-орын Анар­­бек Жамакеев (Қырғызстан) 3-орын­
Мәдина Құрманбекова (Қырғызстан) 3-орын Мақсатбекқызы Айтұрған (Қырғызстан) 3-орын Салтанат Са­пар­беко­ва 3-орын

unnamed (6) unnamed (5) unnamed (4) unnamed (2) unnamed (1)

Дайындаған:  Молдахметова Айнұр Шахарқызы, Тоғызқұмалақтан спорт шебері.  ҚазҰУ Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы.

Связанные Статьи