ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ ҰЛТ ҚУАТЫНА АЙНАЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170708175314256_small.gif

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындарының сапасы жыл санап жоғарылап келеді. Ұлттың ертеңіне айналған жоғарғы дәрежедегі білім ордалары білім мен ғылымды ғана талап ететін сапырылыс заманда елдің мақтанышы мен қуатына айналуда. Мақсатты түрде іс жүргізетін ұстаздардың ұтымды білім беру жүйесі мен біліммен қоса ұлт дәстүрін қоса меңгерген жас студенттерді дайындау кірпішін жетік қалаған Қазақ Ұлттық Университетінің қазіргі таңдағы атағы мен абыройы, жетістіктері мен жаңалықтары елдің назарын аударып отыр.

Ұлттық Универстеттен білім алып отырған жаңа заман талабына табан тірейтін білікті студенттер ғасыр сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, Қазақстанның қуаты болатын қадамы берік, тың жобалар мен алдыңғы қатарлы жоспарлар құратынына университет үлкендерінің сенімі мол. Айтылып отырған сөздерге себеп болатын қазіргі таңдағы университеттің маңызды жетістіктері тікелей ұстаздар мен студенттердің тынымсыз еңбектерінің арқасында деп білеміз. Жас студенттерден бастап жасы жылдарды өткерген профессорларға дейін ізденетін, Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет елдерден 20000-нан астам  студенттер жиналған  ҚазҰУ ТМД университеттері арасында үшінші орында, QS рейтингісі бойынша соңғы екі жылда әлемдегі үздік топ университеттер қатарында, Қазақстан университеттер арасындағы ең үздік университет болып саналады.

Университеттің QS рейтингісіндегі позициясы – 305 орын. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ беделді ThomsonReuters агенттігінің «2011 жылғы ғылым төңірегіндегі жетістіктері үшін»  арнайы дипломымен марапатталған Қазақстан Республикасындағы  бірінші жоғарғы оқу орын. Атақты халықаралық "GreatValueColleges" ұйымының қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлем бойынша 50 технологиялық дамыған университеттер қатарына кіріп, рейтингте 31-орын иемденді. ТМД, Шығыс және Орталық Еуропа, сонымен бірге Сингапур, Жапония, бүкіл Азия континенті арасында қазақстандық ЖОО жалғыз өкіл екендігін ескергеніміз дұрыс.  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да UNITWIN бағдарламасына сәйкес, ЮНЕСКО кеңесімен даму бойынша Орта азиялық тұрақты даму бойынша аймақтық ЮНЕСКО хабы құрылды. Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ашылды.  Болон үдерісінің негiзгi қағидаларына бейiмделуге толық рұқсат беретін және еуропалық ЖОО академиялық саясатының  стандарттарына сай   ЕС - TEMPUS, ERASMUSMUNDUS бағдарламасы бойынша Университет Қазақстан Республикасында көшбасшы болып келеді. Бұл ТЕМПУС-тың 9 жобасы, ЭразмусМундус-тың 7 жобасы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 жобаға координатор болып отыр. Университет халықаралық серіктестікте көптеген ірі халықаралық ғылыми-білім беру жобаларын қолға алып отыр, мысалы өзінің диалогтік алаңы бар «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» жобасын www.greenbridge.kaznu.kz ғаламтор желісінен көре аласыздар. Сонымен қатар 2014 жылдың қаңтар айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жаhандық хаб United Nations Academic Impact  (БҰҰ академиялық ықпал) тұрақты даму бойынша басқару сеніп тапсырылды. UNIFORM Project Халықаралық консорциум негізінде Токио университетімен бірігіп Қазақстан тарихында бірінші рет сирек кездесетін жоба отандық Наноспутникті әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл әзірлеме басқа да жобалар сияқты Экспо-2017 көрмесінде таныстырылмақ.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аясында «Алатау» ИТП-ның үшінші кезеңі әзірленбек. Бұл ғылыми-білім беру және инновациялық кластердің құрылуы ұлттық инновациялық жүйенің негізгі «даму нүктесі» болып табылады.

Көздеген мақсаты шыңның шыңында орналасқан, тек қана елім деген студенттер мен ұрпағым деген ұстаздар дайындай білетін, өнегелі ұл-қыздарды өнерлі де өрісті етіп өз ұясынан ұшырып, жемісін көре білетін, тамырын тереңге жайған ЖОО-ның қарашаңырағы ҚазҰУ дәл бүгінгідей қарқынмен әлемнің назарына, елдің қалауына, жастардың жайдарлы мекеніне айналды. Әр студент өз университетінің нәтижесән жемісті ете білсе, университет үшін орны толмас мәртебе! әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ елінің болашағының кепілі болатын бірден бірегей білім ордасы.

Гүлмира ШМАДИЯР,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті

Связанные Статьи