Отау ТВ барлық абоненттері үшін телерадиохабар тарату бағдарламаларын трансляциялау кезіндегі үзіліске алып келген Intelsat – 904 байланыс спутнигі қызмет ету проблемаларына байланысты «Қазтелерадио» АҚ жер үсті желілерін ҚазСат-2 резервті спутнигіне ауыстыруда. «Қазтелерадио» АҚ мамандары аталған жағдайды түзету үшін жедел түрде жер үсті желілерін ҚазСат-2 резервті спутнигіне ауыстырды. Аналогтық және сандық эфирлі хабар таратуды Казсат-2 резервті спутнигі жүзеге асырады. Кабельді телеарна операторлары Каз-Сат-2 спутнигіннен қабылданған жабдықтарды қайта түзету жөніндегі техникалық жұмыстарды жүргізеді. Intelsat – 904 байланыс спутнигі жұмысының үзілу себебін Intelsat Global компаниясы анықтауда. Intelsat – 904 шетелдік спутник екендігін ескертеміз.