Қытайда 2019 жылдан бастап жанармай тегін беріледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 201 day сайтының дерегін негізге алып.
Қытай билігі 1 қаңтардан бастап барлық аймақтағы халыққа тегін жанармай беріледі деген ақпаратты растады.
«Бұл реформаны дайындау үшін 3 жылдай уақыт кетті. Бірақ әлемде алғаш рет мұндай реформаны Йосиф Сталин енгізген, кейін Мао Цзедун қолдаған болатын. Біз өз халқымыздан ұзақ уақыт күттіргеніміз үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Біз басқа да билік өкілдері секілді халқымыздың үмітін ақтауға тырысамыз», - дейді ҚХР-дің энергоресурстар министрі Лянь Чжан.
Жаңадан енгізілген заң бойынша, Қытайдың кез келген азаматы (шенеуніктерден басқа) әр ай сайын 150 литрге дейін жанармайды тегін ала алады. Алдағы уақытта ай сайын тегін берілетін жанармай мөлшері 200 литрге дейін өседі. Сондай-ақ жанармай арнайы картамен берілетін болады.
«Табиғи ресурстар халыққа тиесілі және халық табиғи ресурсты өз қалауынша пайдалана алмайды деп ойлау дұрыс емес. Бұл кез келген дені дұрыс биліктің, адал адамның ойы»,- деп мәлімдеді Қытай компартиясының баспасөз хатшысы.
Оставить комментарий