Тағы да 120-ның кесірі: 5 адам ауруханада, 1 адам қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20190104110212416_small.jpg

4 қаңтарға қараған түні Алматыда тағы да жол апаты болды. Екі көлік соқтығысып, соның салдарынан 5 адам зардап шеккен, ал бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Zakon.kz жазды. 

Жол апаты Тәттібеков және Ахундов көшелерінің қиылысында болды. Деректерге сүйенсек,  Toyota Highlander автокөлігі Toyota Windom көлігінің оң жақ бөлігінен соғады. Екі автокөлік бірге қарсы бағытқа шығып кетеді, тек жол аяқталғанда ғана тоқтайды.

Өзге деректерге сенсек, Highlander Тәттібековтің бойымен солтүстікке қарай кетіп бара жатқан, ал оңтүстікке бағыт алған Windom Ахундов көшесіне бұрылмақ болады.

Алдын ала деректер бойынша, бес адам зардап шеккен. Toyota Windom автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты.

 Toyota Highlander көлігінің жылдамдығы  сағатына 120 шақырымды көрсеткен.

Жол апаты

 Жол апаты

Жол апаты

Жол апаты

Жол апаты

Жол апаты

Оставить комментарий

Связанные Статьи