Қарағанды ІІМ академиясының басшысы жұмыстан қуылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Сонымен қатар, кеше шуға айналған видеоның бас кейіпкері, Қарағанды академиясының бірінші курс басшысының орынбасары Тастайбеков А.Р. қызметінен босатылған еді.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор Берік Бисенқұлов Баримбек Бейсенов атындағы ІІМ академиясының жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке полиция полковнигі Дарменов Ақынқали Дәуітбекұлы тағайындалды.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде полиция қызметкерлері "біз бандамыз" деп бір-бірін құттықтаған видеосы тарап, қоғамның қызу талқысына түскен болатын.
Оставить комментарий