Анкарада Ресей елшісі Карловтың өліміне қатысты сот ісі басталды

/uploads/thumbnail/20190108152243693_small.jpg

Анкарада Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың ісіне қатысты сот ісі басталды. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов 2016 жылдың желтоқсанында оққа ұшып қаза тапқан болатын. Тергеу ісінің қорытындысы бойынша, бұл істегі 28 айыпталушының елде тыйым салынған FETO ұйымына қатысы болған екен. Түрік билігі "террористік" деп танылған ұйымның жетекшісі Фетхулла Гүлен АҚШ-та тұрады.

♦Елшіні атқанды қай атаңнан көрдің, түрік баласы!?

Айта кетейік, 2016 жылдың 19 желтоқсанында Анкарада Қазіргі заман өнер орталығында фотокөрменің ашылу салтанатында Ресей елшісі  атып өлтірілген болатын. 22 жастағы Мевлют Мерт Алтыншаш елшіге бірнеше рет оқ атып, «Аллаху акбар! Алеппоны ұмытпаңдар!» деп айқай салған.

Сол күні қауіпсіздік күштері елшіге оқ атқан Алтыншашты да атып өлтірген болатын.

Белгілі болғандай, FETO ұйымының өкілдері Алтыншашқа сол жылдың жазында елшіні өлтіруге бұйрық берген. Түрік прокуратурасының мәлімдемесіне сәйкес, Алтыншаш Андрей Карловты 2016 жылдың 27 маусымында Түркиядағы билік партиясы ұйымдастырған елшілердің кешкі асында өлтіруге талпынған көрінеді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи