Қарағандыдағы кісі өліміне күдікті деп танылған Нарек Гурурян ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі, Ішкі жəне сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасай отырып.
21 жастағы Армения азаматы Ресей аумағында қолға түсті. Енді оны Қазақстанға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.
Алмас Садубаев, ҚР ІІМ Ішкі жəне сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры: "бүгін ҚР ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Ресей құқық қорғау органдарымен бірлесіп, РФ-ның Омбы облысының аумағында осы жылдың 1 қаңтарына қараған түні Қарағандыда бұзақылық əрекет жасап, кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен Армения Республикасының азаматы Нарек Гурурянды ұстады. Қазіргі уақытта заңнамаға сəйкес оны Қазақстан аумағына жеткізу мəселесі шешіліп жатыр".