Қазақтың "кер заманын" болжаған әйгілі көріпкел әулиесі

/uploads/thumbnail/20170708175440815_small.jpg

Жалпы әлем тарихын да, қай елде болашақ жөнінде болжаулар жазылса, сол ел ұлы болжаушылар елі болып есептеледі. Солардың ішінде күні бүгінге аты әйгілісі француз дәрігері, сәуегей – жұлдызшы Мишель де Нострадамус (1503-1566) ол  жұлдыздар кестесін жасап, адамдардың жер жүзіндегі  мемлекеттердің тағдырын болжап біліп отырған. Оның әлемдік тағдырлық болжамының сексен пайыздан астамы дәл келуде.

Енді өзімізге келсек, біздің бұрынғы замандағы ата – бабаларымыздың ішінен шыққан небір болашақты болжаушылар, көріпкелдер, емшілер т.б. көп болған. Олардың қатарына бұдан мыңдаған жылдар бұрын ғұмыр кешкен Мөңке би бабамызды, 18 ғасырда өмір сүрген  Абылай ханның бас батыры Қабанбай батырды, Райымбек батырды,  пір Бекет атаны т.б. көптеп келтіруге болады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жағдай әйгілі Нострадамустан, сан ғасырлар бұрын өмір сүрген Мөңке би бабамыздың болжамының бірде – бір сөзінен де, өлең тізбегінен де қателік таба алмаймыз.

Алшын батырдың арғы атасы Мөңке би асқан әулие, көреген, алдын бірнеше жүздеген жылдар бұрын болжап білетін текті кісі болған.

               Кезінде Мөңке би келешек туралы былай депті:

               «Кер заман кезінде: -

               Көлдің суы бітіп, табаны қалар,

              Аттың жүйрігі кетіп, шабаны қалар,

              Жақсының атағы кетіп, азабы қалар,

               Әулиенің аруағы кетіп, мазары қалар,

               Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалар,

               Сөздің маңызы кетіп, самалы қалар,

               Сөйтіп, ақылы жоқ санасыздың заманы болар.

               Кер заманның кезінде: -

               Құрамалы, қорғанды үйің болады,

               Айнымалы, төкпелі биің болады,

               Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,

               Ай сайын бас қосқан жиын болады.

               Ішіне шынтақ айналмайтын,

               Ежірей деген ұлың болады.

               Ақыл айтсаң, ауырып қалатын,

               Бедірей деген қызың болады.

               Алдыңнан кес-кестеп өтетін,

               Кекірей деген келінің болады.

               Табалдырықтан биік тау болмас,

               Туысқаннан мықты жау болмас.

               Кер заманның кезінде су тартылар,

               Тана мен торпаққа жүк артылар,

               Ар-ұяттың бәрінен жұрдай болып

               Қарап тұрған жігітке қыз артылар.

               Ішкенің сары су болады,

               Берсең итің де ішпейді,

               Бірақ адам оған құмар болады.

               Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады,

               Ит пен мысықтай ырылдасқан

               Еркек пен қатының болады...

               Кер заманның кезінде: -

               Ертеңіне сенбейтін күнің болады,

               Бетіңнен ала түсетін інің болады,

               Алашұбар тілің болады,

               Дүдәмалдау дінің болады.

               Еркегің қазаншы болады,

               Әйелің базаршы болады.

               Жылқы жұлдыз болады,

               Қой құндыз болады.

               Кебір жерге теңеледі,

               Әйел ерге теңеледі.

               Көл теңізге теңеледі,

               Сиыр өгізге теңеледі.

               Ақырзаман адамы –

               Сағынып тамақ жемейді,

               Ащыны ащы демейді.

               Тапқанын олжа дейді,

               Алһам білгенін молда дейді.

               Бір-біріне қарыз бермейді,

               Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.

               Сарылып келіп тосады,

               Құны жоқ қағазды судай шашады.

               Ақырзаман халқының -

               Шайдан басқа асы жоқ,

               Жақыннан басқа қасы жоқ.

               Лағынет қамыты мойнында,

               Жұмыстан қолының босы жоқ.

               Әрқашанда олардың

               Көңілінің қошы жоқ.

               Бар шаруасы түп-түгел,

               Енді мұның иесі жоқ.

               Заман ақыр боларда -

               Жер тақыр болар,

               Халқы пақыр болар.

               Балалар жетім болар,

               Әйелдер жесір болар,

               «Ә» десе «Мә» дейтін кесір болар.

               Бас қосылған жерлерде,

               Әйел жағы ден болар.

               Жаман-жақсы айтса да

               Өзінікі жөн болар.

               Орай салып бастарын,

               Жалпылдатып шаштарын,

               Тақымдары жалтылдап,

               Емшектері салпылдап,

               Ұят жағы кем болар.

               Сөйткен заман кез болса,

Түзелуі қиын болар!...». Қалай дәл айтылған. Дәл қазір бүткіл қазақ осы болжамда айтылған «Кер заманның» қақ «төрінде» отырған жоқ па?!  Осыдан асқан көріпкелдік болуы мүмкін бе?! Мөңке бидің де, оның ұрпақтарыныңда  жерленген жері  Маңғыстаудың қырында, ол жер күні бүгінде де Қара Мөңке деп аталады.

Осы болжамды оқыған әр бір азаматтың көңілін қазіргі «Кер заман» кері айналып, жер бетінде ұжмақ заман қайта орнауы мүмкін бе?! деген сұрақтың жауабы кім-кімді де  ойландырары сөзсіз. Ия, мүмкін. Оның жауабын аталарымыз «Кер заман», яғни Заман деген сөзді кері қарай оқы деп айшықтап жазып кеткен. Дұрыс түсіндің, бауырым! Шариғат пен тарихатты мойындау арқылы ақиқатқа көз жеткізіп, намазға жығылуымыз керек.  Адамзатты бақытқа тек қана хал ілімі, ар ілімі жеткізе алады.   Осыдан кейін менің аталарымның даналығын, яғни қазақтың бүткіл әлемге үлгі болардай ең алғашқы ел екендігін мойындамай көрші?!

Соңғы 4-5 жыл шамасында Аллаһ адамзатқа әр түрлі аяндар арқылы хақ жолынан ауытқып, нәпсіге құл болып, иманнан безіп, азғындап бара жатқанымызды ескертуде. Оған жаңа туған қозыға, алмаға, қарбызға, асқабаққа, тіпті ашық аспан да ақша бұлтпен жазылған  «Алла» деген жазудың шығуы  куә бола алады. Ал, мына Дағыстандағы 9 айлық Али Якубов деген нәрестенің денесіне хадистердің жазылып шығатыны, кім-кімді де Алланы мойындауға мәжбүр етеді. Қасиетті жазулар адамды тәубаға келіп, Аллаға мойынсұнуға шақырады. Ғажайып бала Дағыстанның Кизляр ауданының Краснооктябрь ауылында туған. Баланың әкесі Шәміл – милиционер, анасы – Мадина үй шаруашылығындағы әйел. Нәрестелерінің бойындағы қасиет оларды түбегейлі дін жолына түсірген.

Алғашқыда ата-анасы тіл-көзден қорқып, нәрестенің денесіндегі жазуларды ешкімге көрсетпей жасырған. «Менің хабарымды пенделерімнен жасырмаңдар» деген жазу шыққан кезде жергілікті имамның үгіттеуімен елге жария етуге келіскен. (Жас алаш. №101. 22.12.2009 ж.)

Енді осының үстіне өткен 2013 жылы Маңғыстаудың Қызыл төбе кентінде бір қарғаның үш күн бойы бағана басында «Алла» деп айғайлап тұрғанын еліміздің БАҚ-тары жарыса жазды. Тура осындай жағдайға 2011 жылы Қарағандыдағы Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ елдімекенінің тұрғындары да куә болған болатын. «Ауыл қарғалары қарқылдағанда "Алла" деген сөзді анық естуге болатынын айтады. Бұл көрініс көптен бері қайталанып келеді екен. Тіпті тұрғындар сол сәтті, аңдып жүріп, бейнетаспаға да түсіріп алған. "Бұл қарғаны ең бірінші рет біз екі ай бойы, аңдып, таңғы жеті кезінде түсірдік. Бұл қарға төрт рет Алла деп айтады. Енді одан кейін тағы басқа қарғалар бар еді оны таба алмадық. Жүрді, бірақ біздің ыңғайымыз келмеді. Екі айда бір, ақ рет түсірдік" (Ернұр Төлегенов-ауыл тұрғыны).

Өткен Наурыз айынан пайда болған бұл құстар "АЛЛА" деген сөзді жиі емес, анда санда ғана шығарады екен. Әсіресе таң алдында шығады деп таң қалады ауыл тұрғындары.

"Ұзақ кішкентай құс, мойыны, ақ. Ол таңғы таза ауада "Аллаһ" деп сөйлейді. Ал мына ала қарға „Алла“ дейді" (Қайыр Рахметуллин – ауыл тұрғыны).

Десе-де қарғалардың Алла деуі адамдар үшін ескерту. Қарға екеш қарға да құдайына өзінше құлшылық қылып жатқанда тұрғындар да тәубеге келіп, имандылыққа бет бұру ләзім дейді дін өкілдері». (Оқу үшін http://news.nur.kz/kk/198504.html).

ТАРИХ ТАҒЛЫМЫ: Кер заманнан құтылу үшін жан тәрбиесімен айналысуымыз керек. Сонда әрбір қазақ отбасы шын бақыттың қандай болатынын жан-тәнімен сезінетін болады. Ал, қазақ елін (мемлекетін) әр түрлі дағдарыстардан аман алып шығу, немесе тіпті ондайларға ұрындырмау үшін қазақтың әрбір отбасы қаражаты  жетсе барлық балаларын, жетпесе әр отбасыдан, тіпті болмаса жақын  туыстар бірігіп араларынан қазақтың ұлттық қасиетін бойларына толық сіңірген, ең талантты бір баласын білім бәйгесіне қосулары керек. Аталарымыз бұл қағиданы ежелден білген. Әйтпесе, «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деп айтпаған болар еді. Бұл біздің ежелгі ата-бабаларымыздай, әлем мәдениетінің қақ төрінен өзімізге тиісті орынымызды иемденуіміздің кепілі болмақ.

Екіншіден,  мемлекет құраушы ұлтты қадірлемейтін, оның тілін білмейтін, адами қасиеті төмен, тек қана қарабасының қамын ойлайтын парақор, отбасын тастап кеткен мейірімсіз жандарды биліктің еш бір сатысына, тіпті бригадир етіп те араластыруға болмайды. Адам ел билеу үшін, бірінші отбасын құруды, оларға дұрыс тәрбие беруді  және жағымды іс-әрекетімен ұрпаққа үлгі бола білуді меңгеруге тиіс. Биліктің барлық сатысындағы лауазым иелері жақсылыққа жарысулары керек. Ал, бізде олар, тек қана қазына мүлкін жымқыру мен пара алудан жарысқа түсіп жүр...

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Связанные Статьи