Алматы облысында Қапшағай трассасындағы Ынтымақ пен Өтеген батыр ауылдарының аралығында 30 көлік соқтығысқан ірі жол апаты орын алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтының мәліметіне сүйене отырып.

Белгілі болғандай, кейбір автокөліктер бір-бірімен соғысса, біреуі жол ортасындағы жақтауға соғысқан.

Ірі жол апаты бүгін, яғни 10 қаңтар күні Қапшағай трассасында болған. Жол апатының себебі – жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткен, оны көрген жүргізушілер бірден тежегішті басып, көлігін тоқтатқан екен.

Жол тайғақ болып, даланы тұман басып тұрса да кейбір көлік жүргізушілері жол ережесін қатаң сақтамайды, тым жоғары жылдамдықпен жүреді.






