Бақытты өмірді зерттеген танымал психологтың «бақытсыз» өлімі

/uploads/thumbnail/20190116161749441_small.jpg

Танымал американдық педагог, жазушы, оратор-мотиватор – Дейл Карнегидің өмір психологиясын кітаптары арқылы біле аласыз, ал бақытты болу мен тіл табысудың теориясын жасаған психологтың өлімі туралы жалған пікірлер толып жатыр. Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына Дейл Карнегидің өмірі жайлы деректерді ұсынады.

Дейл Карнегидің сабын сатқан.

Дейл Карнеги 1888 жылы 24 қарашада Миссури штатында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Ол – Джеймс Вильям Карнаги мен Аманда Элизабет Харбисонның отбасындағы екінші ұл. Карнаги отбасы 1904 жылы Миссуриден Уорренсбергке көшіп барады. 16 жастағы Дейл күнделікті таңғы сағат 4-те сиыр сауып, одан кейінгі уақытында Уорренсберг педагогикалық колледжінен тегін білім алып жүрген. 1908 жылы латын тілінен сынақ тапсырмағаны үшін колледжден кетеді. Дейл Карнеги сол кезде педагог болмаймын деп шешім қабылдайды.  Бірақ колледжден кейін шағын қалашықтағы фермерлерге арнап курс өткізеді. Кейіннен сол уақыттағы танымал Armour & Company компаниясы үшін ет, сабын, май сияқты өнімдерді сатумен айналысып, 500 доллар қаржы жинап, өзінің ұстаз боламын деген арманын орындағысы келеді.

Дейл Карнаги атақты болу үшін тегін өзгерткен.

1922 жылы Дейл өзінің негізгі тегі Карнагиді КарнЕгиге ауыстырады. Бұл қадамға ол өзін жарнамалау үшін барған болуы керек. Себебі, сол уақытта бүкіл жұртшылыққа Эндрю Карнеги деген атақты миллионердің есімі танымал болатын. Дейл Карнеги өз кітаптарында да осы миллионердің өмірі мен есімін мысал ретінде жиі жазады.

Дейл Карнеги киноға түскен.

1947 жылы режиссер Эдвард Клайнның комедиялық «Jiggs and Maggie in Society» атты фильмінде Дейл Карнеги өзін өзі сомдайды.

Карнегидің танымал болуына жұбайы тікелей әсер еткен

Дейл Карнеги екі рет үйленген. Оның екінші жары – табысты кәсіпкер болған. Соның арқасында Карнеги көпшілікке танылады. Әйелі Карнегиге моральдық тұрғыдан да, материалдық жағынан да үлкен демеу көрсеткен.

Карнегидің қайтыс болуы туралы қай ақпарат шындыққа жанасады?

Ғаламторда Карнегидің өлімі туралы әртүрлі жалған ақпараттар жүр. Кейбір деректерде ол өз-өзіне қол жұмсағаны туралы айтылады. Алайда, мұндай ақпараттың тарауына Ирвинг Тресслердің Карнегидің кітабына жазған пародиялық шығармасы себеп болған. Шын мәнінде, өз-өзіне қол жұмсаған Карнеги емес Тресслердің өзі болатын. Ал Дейл Карнеги өмірінің соңғы уақытында Ходжкин ауруына шалдыққан. Бұл аурудың белгілері бойынша науқастың ішкі және сыртқа құрылысында өзгерістер пайда болып, вирустық бөртпелер мен жөтелге ұласады. Сондықтан, мұндай ауруға шалдыққан науқастарды басқа адамдардан оқшауландырған. Көпшілікке танылған тұлға үшін өзгелерден тығылып өмір сүру өте қиын болды. Сырқатының салдарынан көп қиналған Карнеги өзін өзі атып жібереді. Сол уақытта бөлек тұрған әйелі оның өлімін көпшілікке жария қылмас үшін, жерлеу рәсімін де тек жақындарымен ғана өткізеді. Полияцияның есебінде де нақты деректер көрсетілмей, өлімнің құпиясы толық жазылмайды. Әрине, кәсіпкер әйелі Карнегидің атағына нұқсан келгенін қаламағаннан ба, жоқ отбасылық бизнестің бұзылуынан қорықты ма, белгісіз?

Оставить комментарий

Связанные Статьи