Домбыра қазақ халқының асыл мұрасы, онсыз қазақ болмысын елестету өте қиын. Қадыр ақын жырлағандай: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра». Бүгінде домбыра біздің ұлттық символдарымыздың бірі. Біріктіруші, ұйыстырушы фактор. Оны мойындамайтын, «-тыңдамаймын» деп мұрын шүйіретін қазақ жоқ болса керек. Қазақша сөйлемеуі мүмкін, бірақ домбыраны сүйметін болуы мүмкін емес. Тек өзіндік, тек қазақтық болып елестетілетін домбыра о бастан жалпы түркі жұртына ортақ дүние. Қала берді тек қазақты емес, көптеген түркі баласын біріктіретін мұра. Егер осы уақытқа дейін оны тек қазақ, қырғыз, ноғай және тағы басқа бауырларымызға ортақ деп келсек енді керегеміз кеңге жайылуда. Ауғаныстанның орталық аймағында 5 миллионнан астам жұрт өмір сүреді, аты хазар, заты түркі(өздері солай дейді), ҰЛТТЫҚ АСПАПТАРЫ ДОМБЫРА, тек тілдері парсы, діндері шиит. «Тілде, істе, пікірде – бірлік!» деп ұрандайтын БОЛАШАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ осы хазар жұртының өкілдерін Алматыға шақырып концерт бермек, 04 мамыр күні Алматыда Ауғаныстан домбырашылары(хазарлар) және қазақ домбырашылары, ұлттық эстрада жұлдыздарының қатысуымен кеш өткізбек. Кештің мақсаты қазақ және хазар домбырашыларын тыңдау. Кешке сол секілді, Ауғаныстанның парламент депутаттары және басқа да зиялы қауым өкілдері қатар келеді. Қазақстанның да мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ұлт-патриоттары келеді деп күтілуде. Аталған іс-шараны тамашалауға барша көрермендерді, журналистерді, қоғам қайраткерлерін және ортақ түркі дүниесі үшін болысып жүрген азаматтардың барлығын шақырамыз. Кіру тегін.
БОЛАШАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ
ТІЛДЕ, ІСТЕ, ПІКІРДЕ-БІРЛІК!
Концерт 04 мамыр(дүйсенбі) күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрында сағат 18:00 де басталады.
Адресі: Абылай хан даңғылы 38 үй.
Байланыс үшін: 8 727 392 13 34; 87022910272;