Талдықорғанда Қабанбай батыр ескерткіші жастардың ойыншығына айналды (видео)

/uploads/thumbnail/20170708175517917_small.jpg

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде жалаңаштанған қыз, жынысы бір ұлдардың махаббаты мен атың шықпаса жер өртенің керін қылатындар қаптап кетті. Бірі, қазақ тойында стриптиз билеп, дүйім жұртты "тәнімен тәнті" етіп жүрсе, енді бірі жыныс талғамайтын ерсі әрекеттерін жарнамалап жүр. Ең сорақылары, қазақ әдебиетінің, мәдениетінің алтынын жезге айналдырып, Абайдың әнін әлем алдында мақазтаса, тағы бірі Құрманғазының күйін әйелдің әуретіне балаған. Әй дейтін ажа, қой дейтін қожасы жоқ интернет осылайша ірігендер мен шірігендердің ойнас құратын ордасына айналып кеткендей. Осындай жаға ұстатарлық оқиғаның бірін кеше Талдықорғандық жастар көрсетті.

https://www.youtube.com/watch?v=F21myDvIlWI

Кеше Youtube әлеуметтік каналында Алматы облысының орталығы, Талдықорған қаласында орналасқан Қаракерей Қабанбай батырдың ескерткіш мүсінінің үстіне мініп, мазаққа айналдырған жастардың видеосы пайда болды. Әлеуметтік желілерде кеңінен таралып үлгермесе де, аталмыш видео бірқатар қазақстандық интернет қолданушылардың ашуын туғызып үлгерген.

Видеода байқаңаныңыздай, батырдың мүсінін қорлаған жастар өздерінің бұл әрекетіне еш қымсынбайды да. Тіпті, мәз-мейрам. Алайда, әлеуметтік желі қолданушылары жастардың бұл әрекеттерін - халықтың хас батырына, тарихи ескерткіштерге, одан қала берді мәдени мұраларға деген құрметсіздік деп қабылдаған.

Аталмыш оқиғаға қатысты құқық қорғау орындарына әлі шағым түспеген. Сол себептен, мәдениетсіз жастардың үсітен іс қозғалмаған, тергеу немесе түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген.

Қабанбай батыр - жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ жерін жаудан азат етіп, қазақ хандығы жолынды күрескен ұлт батыры, даңқты қолбасшы, жекпе-жекте жан баласына есе жібермеген батыр. Қабанбай "Хан батыр" дәрежесіне дейін көтерілген.

Ал Талдықорғандағы батырдың ескерткіш мүсіні 2007 жылы жергілікті "Дарабоз" қоғамдық қорының ұйытқы болуымен тұрғызылған болатын.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи