22 қаңтарда Жоғарғы сот Челахтың ісін қайта қарайды

/uploads/thumbnail/20190118135407776_small.jpg

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты «Арқанкерген» оқиғасына қатысты істі қайта қарау туралы өтінішті талқылайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін де 2014 жылдың 4 ақпанында Жоғарғы сотта қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының Челахтың өзіне қатысты сот актілерін қайта қарауды сұраған өтінішін талқылау жөнінде отырыс белгіленген болатын. Ал, 2013 жылдың қыркүйегінде Жоғарғы соттың қадағалаушы алқасы Челах ісіне қатысты үкімді, апелляциялық және кассациялық инстанциялардың қаулысын өзгеріссіз қалдырған болатын. 

челах

Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған Владислав Челах Қазақстанның Жоғарғы сотына адам құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетінің күшіне енген шешімінен кейін қайта шағым түсірген.

"Осыған байланысты Жоғарғы сот коллегиясы оның ісін 2019 жылдың 22 қаңтарында қайта қарап шықпақ" , - деп хабарлады ведомство өкілдері. Анықталғандай, сотталған азамат сот отырысында болмайды. Оның себебі әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, «Арқанкерген» шекара бекетінде жаппай кісі өлімі 2012 жылдың 30 мамырында болды. Өртенген шекара тұрағының орнынан 14 шекарашы мен бір орманшының мәйіті табылған еді. Арада біршама уақыт өткенде күдікті ретінде шекарашы сарбаз Владислав Челах ұсталды. Сол жылдың желтоқсан айында сот оған қатаң тәртіптегі колонияда өмір бойы отыру жазасын тағайындады. Қайғылы оқиға құрбандарының туыстары әуелі Челахтың отбасынан шығын талап етуді бекінгенімен, кейін бұл талап арыздарын қайтып алды. Қазақстандықтар арасында бұл оқиғаға қатысты тергеу нәтижелеріне күмәнмен қарайтындар әлі де көп.

Оставить комментарий

Связанные Статьи