Елімізде алғаш рет “Жас қаламгер” атты студенттер арасындағы балаларға арналған әңгіме жазу сайысы өтеді.
І. Жалпы ережелер
- Осы ереже Қазақстан Республикасында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан “Жас қаламгер” атты студенттер арасындағы балаларға арналған әңгіме жазу сайысының мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.
- “Жас қаламгер” сайысы “Астана кітап” баспасының ұйымдастыруымен 2019 жылы қаңтар айының 15-і мен ақпан айының 20-сы аралығында өткізіледі.
ІІ. “Жас қаламгер” сайысының мақсаты мен міндеттері:
- мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;
- балалар әдебиетінің дамуына үлес қосу;
- студенттер арасындағы жас қаламгерлердің шебірлігі мен шығармашылық қабілетін шыңдау;
- жастардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүріне, тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.
ІІІ. “Жас қаламгер” сайысын ұйымдастыру және өткізу тәртібі.
- “Жас қаламгер” атты әңгіме жазу сайысына студенттер қатыса алады.
- Сайысқа қатысушылар төмендегі сілтеме бойынша тіркелуі керек.
2.1. Жазылған әңгімелерді kazybekshukirbekuly@gmail.com осы поштаға жіберу керек.
2.2. 3 бөлімді де бір .docx-ке теріп, жіберу керек. Жазылу тәртібі (шаблон) мен Бөлімдердің ережелері,тақырыптар төменде көрсетілген.
- “Жас қаламгер” атты әңгіме жазу сайысы 3 бөлімнен тұрады.
Қатысушы 3 бөлімнің де ережелеріне сәйкес әңгіме жазуы тиіс. Талап толық орындалмаған жағдайда қатысушы сайыстан шығарылады.
- Жазылған әңгімелерді “Астана кітап” баспасы автордың аты-жөнін сақтай отырып, өңдеуден өткізіп, қолдану құқығына ие болады.
“Жас қаламгер” сайысының бөлімдері жəне оларға тиісті талаптар.
І бөлім
- Əңгіме берілген тақырып бойынша жазылады.
- Əңгіме көлемі 300-500 сөз аралығы болуы тиіс.
- Əңгіме жазу барысында тек жай сөйлемдер ғана қолданылуы қажет (біріңғай мүшелерді қолдануға болады).
- Әңгіме 1-3 сынып оқушыларының деңгейіне сәйкес жазылуы керек.
ІІ бөлім
- Әңгіме берілген тақырып бойынша жазылады.
- Əңгіме көлемі 800-1500 сөз аралығы болуы тиіс.
- Әңгіме жай сөйлемдер мен салалас құрмалас сөйлемдерді қолдану арқылы жазылуы тиіс (сабақтас құрмалас сөйлем мен аралас құрмалас сөйлем қолдануға болмайды).
- Әңгіме 4-5 сынып оқушыларының деңгейіне сәйкес жазылуы керек.
ІІІ бөлім
- Әңгіме берілген тақырып бойынша жазылады.
- Əңгіме көлемі 2000-2300 сөз аралығы болуы тиіс.
- Әңгімеде жай сөйлемдерді, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдануға болады.
- Әңгіме 6-7 сынып оқушыларының деңгейіне сәйкес жазылуы керек.
ТАҚЫРЫПТАР
- Өзім туралы
- Мектеп
- Отбасы
- Достық
- Қоршаған әлем
- Саяхат
- Салт-дәстүр
- Ауыз әдебиеті
- Тағам
- Денсаулық
- Туған жер
- Табиғат
- Құндылықтар
- Уақыт
- Өнер
- Атақты тұлғалар
- Демалыс
- Мерекелер
- Мәдениет
- Мамандықтар
- Ғарыш әлемі
- Болашаққа саяхат
- IV. “Жас қаламгер” атты студенттер арасындағы балаларға арналған әңгіме жазу сайысын қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
- Сайысқа қатысқан студенттер арасынан үздік жас қаламгерлер іріктеледі.
- Дəрежелі орындар анықталады.
І орын - біреу.
ІІ орын - біреу.
ІІІ орын - біреу.
- Дəрежелі орын алған жас қаламгерлер бағалы сыйлықтар мен ақшалай марапатқа ие болады.
- Жеңіп шыққан жас қаламгерлер “Астана кітап” баспасының қазақ тілі бөліміне жұмысқа шақырылу мүмкіндігіне ие болады.
Оставить комментарий