Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы EXPO-2017 көрме орталығындағы "Нұр Әлем" павильонында өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жастардың жетістігін тыңдаған Назарбаев өз ақылын айтты. Әсіресе, қарттар мен жетім балаларға қатысты айтқаны жастардың, еріктілердің жүрегіне жетті.
"Қарттар үйіне барғанда қабырғам қайысады. Баласын жетімдер үйіне апару, ата-анасын қарттар үйінде қалдыру деген қазақта болмаған. Бүгінгі жастарға өмір шексіз, бітпейтіндей көрінеді. Менің жасыма келгенде көресіңдер. Өмір деген зу етіп өтіп кетеді. Жастардың жүрегінде қамқорлық болса... Қарттар үйіндегі бір атаға барып, жай ғана қал-жағдайын сұрасаң, сол да жеткілікті. Қуанып, риза болып, батасын береді. Жетімді асырап алсаң, адамға да, Аллаға да жағасың", - деді Елбасы.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кешенді қолдау мақсатында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Кейінірек Жастар жылының логотипі бекітілген еді. Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалға сары түс - позитивті энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс - кеңшілдікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс- рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс - тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы деп бейнеленген.
Оставить комментарий