Мемлекет тарапынан қолдаулар көп көрсетілуде. Біз соны бағалай біліп, дер кезінде әрекет жасай білуіміз керек. Мен Қазақстандағы ең жас ректорлардың бірімін. Қазір жастарды қолдау саясаты өте үлкен күш алып жатыр. Мәдениет, өнер болсын Консерваторияда талантты жастар өте көп. Қазір біз облыстардағы қаншама өнерлі жастарды өзімізге тартып, солардан үлкен кәсіби маман даярлауға күш салып жатырмыз. Халық музыкасы факультеті, вокалдық өнер болсын ауылдан келген жастарды, бірінші курстың студенттерін академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелге жіберіп, біліктілігін арттыруды бастап кеттік. Біз бүгін студенттердің сапалы білім алуына барлық жағдайды жасауымыз керек. Өйткені, олар өте креативті, біз жастармен санасуымыз қажет. Біздің университетте жастармен жүмыс істейтін бөлім бар. «Менде идея бар, осы істі жүзеге асырайықшы» деп жалындап тұрған студенттер келсе, біз оларды тыңдап, олармен бірге жұмыс жасаймыз. Жастар жалқауланбау керек. Бүкіл жақсылық олардың өзіне байланысты. Университет басшылығы тарапынан біз «сөзі мен ісі бірге жүретін іскер» жастарды қолдауға дайынбыз.
Оставить комментарий