2019 жылдың 23 қаңтарында Тараздық шекара бөлімшесі «Жасөркен» шекара бекетіне қарама-қарсы тұста Қырғыз Республикасының шекара қызметкерлері 10 жылқыны Қырғызстаннан Қазақстанға алып кіріп, тәртіп бұзбақ болған 3 қылмыскерді қолға түсірді. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҰҚК баспасөз қызметінің дерегіне сүйене отырып хабарлайды.
«Қылмыскерлерді қолға түсіру барысында олар суық қарумен қарсылық көрсеткен. Жағдайға байланысты Қырғыз шекара қызметкерлері оқ атуға мәжбүр болды. Соның салдарынан бір қылмыскерге оқ тиіп, қалған екеуі жылқылармен бірге Қазақстан аумағына қашып кеткен.
Бүгін сағат 12:15 шамасында оқ тиген қылмыскер Талас аймағындағы ауруханаға барар жолда көз жұмды», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, көз жұмған қылмыскер Қазақстан Республикасының азаматы екен.
Қазір бұл іске қатысты Тараз шекара қызметкерлері шекараны бұзып қашып кеткен қылмыскерлер мен жылқыларды іздеуде.
Айта кетейік, қаза тапқан қазақстандық азамат осы уақытқа дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы – ҚР шекарасын заңсыз кесіп өту – бойынша сотты болған.
Оставить комментарий