«Қазгидрометте» пара алып ұсталғандардың кім екені белгілі болды

/uploads/thumbnail/20190123145145113_small.jpg

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері бірнеше басшының ұсталғанын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес, күдіктілер ретінде «Қазгидрометтің» Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Р.И. Андрианов пен «Қазгидрометтің» бас директорының орынбасары Н.К.Сұлтанов ұсталды», – деп хабарлады кәсіпорын өкілдері.

♦Қазгидромет басшылары ұсталды

«Қазгидрометтің» жүргізіліп жатқан тергеу шараларына қолдау көрсетіп, барлық материалды қолжетімді етіп жатқаны және жедел-тергеу шаралары жайлы мәлімет жарияламайтыны айтылады.

Еске салайық, осыған дейін ҰҚК «Қазгидромет» басшылығының ұсталғанын хабарлаған болатын. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи