Ұлттық ұланның сарбазы өзін-өзі атып өлтірді

/uploads/thumbnail/20190124150909858_small.jpg

Алматы облысында Ұлттық ұланның сарбазы басына тапаншамен оқ атқан. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйене отырып жазады.

Ұзынағаштағы әскери бөлімде жас сарбаз басына оқ атып, соның салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

Тергеу ісіне сәйкес, 23 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 01:35 шамасында жас сарбаз қызмет барысында ауыр жарақат алған.

-Ішкі қарауылда қызметте тұрғанында қатардағы жауынгер Қожан Ұласбек Кенжебекұлы басына ұрысқа арналған қарудан оқ атып, сол жерде қаза тапты. Ол 2018 жылдың маусым айында Қорғаныс департаментінің шақыртуымен әскерге келген болатын, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталмыш оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жалғасуда.

Дайындаған: Назерке Лабихан

Оставить комментарий

Связанные Статьи