ҰҚК әскери техниканы шекарадан заңсыз алып өтпек болған қылмыстық топты құрықтады

/uploads/thumbnail/20190124153556065_small.png

Алматы қаласында арнайы операция жүргізу барысында ҰҚК Таяу Шығыс елдеріне әскери авиациялық техниканы заңсыз алып өтпек болған қылмыстық топты құрықтады, деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Qamshy.kz ақпарат агенттігіне.

«Алынған мәліметтер бойынша ҚР азаматтары құрамындағы қылмыстық топ бірқатар шет мемлекеттердің әскери әуе кемелеріне орнатылатын авиациялық құрал-жабдықтарды елден заңсыз алып кетпек болған. Аталмыш техниканың сомасы 122 мың долларды құрайды. ҰҚК-де аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 286-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

 Департаменттің мәліметінше, 16 қаңтарда тергеу шаралары барысында әскери құрал-жабдықтардың басқа елге тасымалдауға дайындалып жатқаны анықталды. Қылмысқа қатысы бар тұлғалар ұсталып, Алматы қалалық мамандандырылған сотымен тергеу изоляторына қамауға алынды.

Бүгінде болған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жалғасуда.

Дайындаған: Назерке Лабихан

Оставить комментарий

Связанные Статьи