Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әли (1935 2011) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі көзіқарақты оқырмандарына ақынның даналық сөздерін ұсынады.
Өте көп оқығанның пайдасын, өте көп оқығаннан кейін барып түсінесің.
***
Өзіне бірде разы, бірде наразы адам – үнемі тау үстіндегі адам.
***
Қия алмай кеткен, ұялмай табысады.
***
Жан тыныштығын ойлағаннан-ақ мазаң кетеді.
***
Әдеміліктің сыртында, әдетте ақымақтық жатады. Ол көбіне-көп қартая келе байқалады.
***
Бірінші болу оңай, біреулер тіпті жалғыз болғысы келеді.
***
Дайын тұрған көз жасы – сезімнің қожасы.
***
Кімге қарап тұрғанын қылидың өзі ғана біледі.
***
Біз бәріміз өмір сүріп жүрміз деп ойлаймыз. Шын мәнінде олай емес. Біз өмір сүргенсіп жүрміз. Дәлірек айтсақ, біз бір-бірімізге өмір сүргізбей жүрміз.
***
Ең болмағанда бір адамды бақытты етпеген адамның бақытты болуға хақы жоқ.
***
Жүректі жаулап алу онша қиын емес, бірақ оны ұстап тұру қолдан келе бермейді.
(жалғасы бар)
Ұсынған: Мақпал Сембай
Оставить комментарий