35 жастағы Ерлан Рахимов көп балалы аналардың балаларын тегін курсқа шақырады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі muslim.kz сайтының дерегін негізге алып. Оның бұл шешімді қабылдауына Астанадағы 5 баланың өлімі себеп болған. Ол жағдайы нашар көп балалы аналардың балаларына шетел тілін тегін үйретуге дайын екенін айтты.
— Адамның қолына балық ұстап бергеннен, балықты қалай аулау керектігін үйреткен жақсы. Мен әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан балаларға тегін шет тілін үйретемін деп шешім қабылдадым. Бұл балалардың болашақта оқу орнына түсіп, жақсы білім алып, кәсібін дөңгелетуге көмектеседі. Менің мектебімде 3-4 топ бар. Мен бір отбасынан 1-2 баланы курсқа қабылдай аламын, - дейді Ерлан Рахимов.
Ерлан Рахимов әлеуметтік желі арқылы өз мәлімдемесін жасады. Сондай-ақ қазірдің өзінде шет тілін үйренгісі келетіндердің қарасы көп.
— Жақында сал ауруына шалдыққан қыз өзінің осындай мүмкіндікті күтіп жүргеніне көп уақыт болғанын айтты. Біз онлайн түрде сабақ беретін болдық. Сондай-ақ үш бала да шет тілін үйрену үшін келген. Бізде шет тілін үйретуден бөлек басқа да курстар бар, деді шет тілінің мұғалімі.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Оставить комментарий