Адам ақыл иесі болған соң, кез келген сезім атаулыны жүрек арқылы өткізіп, не мінезімен, не шығармасымен, не әлдебір туындысымен көрсетіп жатады. Кей сезімді тіпті жеткізе алмаймыз, ә? Іштей тынып қана қоямыз...
Жапонияның avogado6 деген лақап есімді суретшісі туралы мәлімет аз. Бізге тек оның химияны ерекше жақсы көретіні және әлеуметтік желідегі негізгі суретінде Италияның ғалымы Авогадроның суреті тұрғандығы ғана мәлім. Бірақ иллюстратордың жұмыстарынан соншалықты күрделі формулаларды көре алмаймыз. Керісінше, адамның сезімін асқан нәзіктікпен жеткізе білген суреттерін ғана көруге болады. Суретпен жеткізбек болған сезімді сөзбен айтып жеткізе алмасымыз айдан анық. Сол себепті де, осы суретшінің суреттерін көруге кеңес береміз. Тек жүректі билейтін, тілге көнбейтін, ақылға бағынбайтын сезімді суретпен қалай ғана жеткізе алған десеңші, шіркін!
Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына сезім қылын шерте білген суретшінің ерекше суреттерін ұсынады.
Білімдегі олқылық
Жұмыс сені сүліктей сорып жатқандай
Тек әлеуметтік желіде ғана өзіңді бақытты әрі табысты сезінесің
Енжарлық
Жанарлар түйіскенде
Көп сөз-көмір
Тағы да уақыт желге ұшты
Жүрек енді – бұғауда
Тұзақ
Қуатың таусылғанда...
Үлбіреген нәзіктік
Менде бәрі жап-жақсы. Тіпті керемет!
Ойым сан-саққа жүгіріп...
Уақыт-қатыгез
Қанатым талды
Мүлгіген тыныштық
Өткенді сақтап қойғың келеді-ақ...
Кейде майдай еріп кеткің келеді
Қай сурет жадыңызда қалып қойды? Сіз де сөзбен жеткізе алмаған әлдебір сезімді бастан кешкен бе едіңіз?
Дереккөз: www.adme.ru
Ұсынған: Мақпал Сембай
Оставить комментарий