Қымбат көлік пен жүрегін ұсынған қытай жігітін өзге ұлттың қызы "лақтырып кетті" (видео)

/uploads/thumbnail/20190222011003315_small.png

Қытайдың әлдебір биік ғимаратының дәл алдында арнайы дайындалып, қымбат көліктің бірі - ломбарджини мен жүрегін ұсынған қолында бір құшақ гүлі мен сақинасы бар "қытай жігітін орыс ұлтының қызы "лақтырып кетті" деген видео ғаламторды шулатты. Видеодан байқағандай, қыз жігіттен мұндайды күтпеген сияқты. Өзге ұлт деген себебіміз, ол қыздың нақты қй ұлт өкілі екені анықталмаған. Бойжеткен ағылшын, қытай тілдерінде сөйлейді. Соған қарағанда, Қытай елінде білім алып жатқан немесе жұмыс істеп жүрген өзге ұлт өкілі екені анық. 

Сонша дайындығы текке кетіп, көпшілік алдында ұятқа қалған жігіт қыздың лақтырып кеткеніне ме, әлде сезімінің жауапсыз болғанына ма, әйтеуір, қатты ашуға мінгенін анық көруге болады. Дайындықтың бәрін теуіп, лақтырып жүрген жігітке бір жағы жаның ашиды, бір жағы өзге ұлт азаматының ұсынысын қабылдамай, бас тартқан бойжеткен іштей мәз боласың. 

Әлеуметтік желіде "Бас тартып дұрыс жасады!", "Оның орнында қазақ қызы болса, қайтер еді?" деген сынды түрлі пікірлер туындап жатыр. 

Сезімде ерік, махаббатта ұлт жоқ шығар, бірақ қай ұлт болып, қай елде дүниеге келсең, сол ұлтқа , елге соңғы қасық қаның қалғанша адал болуың керек деп ойлаймын.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Связанные Статьи