Түркістан облысында көпқабатты үйдің төрт тұрғыны уланып көз жұмды. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға жұма күні кешкі уақытта болған.
"1 наурыз кешкі сағат 18:00-де Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласында төрт қабатты тұрғын үйдегі екі пәтердің төрт тұрғыны газдан уланып қаза тапты", - делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ұсынған: Гүлім Жақан
Оставить комментарий