Тоқаевтың алғашқы тапсырмасы қандай?

/uploads/thumbnail/20190321150321570_small.jpg

Тоқаев Үкіметке бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметшілердің жалақысын көтеруді 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастау туралы тапсырма берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасына жазды. Тоқаев өз тапсырмасын бірінші қазақ тілінде, кейін орыс тілінде жариялады. 

"Үкіметке бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметшілердің жалақысын көтеруді 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастау туралы тапсырма бердім. Бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді" деп жазды ҚР Президенті. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи