Көпірден секірген атыраулықты құтқармақ болған полиция қызметкері қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш оқиға 21 наурызда сағат түнгі 23:00-де болған.
Атыраулық тұрғын өз-өзіне қол салмақ болып, көпірден секірген. Куәгерлер 102 нөміріне хабарласқан. Оқиға орнынана бірінші болып жеткен Шалқар Ақымғалиев атты полиция қызметкері ойланбастан мұздай суға түскен. Суицид жасамақ болған тұрғын аман қалды. Оны жан сақтау бөліміне жатқызған. Ал 25 жастағы сержант Шалқар Ақымғалиев суға батып кеткен. Оның денесі 1-2 сағаттан кейін табылған.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Оставить комментарий