Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды орыс әлеміне қосақтап қойғысы келетіндерге "Біздің өз қазақ әлеміміз бар" деп жауап берді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев 2018 жылдың 21 маусымда BBC сайтына берген сұхбатында мәлімдеген.
“Шынымен де, Қазақстанда орыстілділер көп. Елімізде күнделікті қарым-қатынаста қазақ тілімен қатар, орыс тілі де қолданылады. Дегенмен, қазір біз кириллицадан латын қарпіне көшуге әзірленіп жатырмыз, ағылшын тілін меңгеруге де баса көңіл бөлінуде. Жастарымыз көп тіл меңгерсе, өмір жолында соғұрлым жеңіл болады. Біз кейбіреулердің Қазақстанды “орыс әлеміне” қосып қоятын тұжырымымен келіспейміз, біздің өз “қазақ әлеміміз” бар." - деді Тоқаев.
Ұсынған: Фариза Жомартқызы
Оставить комментарий