Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

/uploads/thumbnail/20190323094109397_small.jpg

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Режеп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру және ынтымақтастықты дамыту ісінде ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Екі ел президенттері бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

 

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи