Басылымның мәліметінше, министрлер Мэйден «өз еркімен оставкаға кетуін талап етеді». Оның орнына қазір министрлер кабинетінің хатшылығында отырған Дэвид Лидингтон келуі мүмкін делінген.
Газеттің жазуынша, Мэйге ЕО-дан шығу қажеттілігі жөнінде парламентті көндіре алмады деген кінә артпақ.
Премьерлікке сонымен бірге СІМ басшысы Джереми Хант және қоршаған орта жөніндегі министр Майкл Гоув секілді консерваторлардың үміті бар деп жазады басылым.
Өткен аптада Лондонда жүздеген британдықтар Брекзитке қарсы көшеге шығып, биліктен қайта референдум өткізуін талап еткен.
Тереза Мэй Еуропа одағындағы әріптестерін Брекзиттің мерзімін 30 маусымға шегеру туралы сұраған, бірақ Еуропарламенттегі сайлауға байланысты оның бұл өтініші қабылданбаған. Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы әуелі 29 наурызға белгіленген еді. Бірақ қауымдар палатасы елдің Еуроодақтан шығуына байланысты Лондон мен Брюссель арасындағы келісімді екі рет мақұлдамай қойған. Еуроодақтан келісімсіз шығу мүмкіндігін де британ парламенті қабылдамай тастаған.
Ұсынған: Гүлім Жақан
Оставить комментарий