«Биыл Жастар жылы деп жариялады. Облыс бойынша оқу орнын бітіргендердің тек 70 пайызы жұмысқа орналасады. Білімді жетілдіріуміз керек. Заман талабына сай мамандарды дайындаған жөн», — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Сондай-ақ, Оразалин жиын барысында жастардың мемлекеттік тілге баса назар аудару керек екенін тілге тиек етті.
Оңдасын Оразалин мұнай жабдықтары зауытындағы ақпараттың барлығы не орыс, не өзге тілде жазылып тұрғанын көріп, бұның дұрыс еместігін жеткізді.
— Қазақ тілін біз талап етпесек, бәрі осылай болып қалады. Жалпы, ортаны тәрбиелеуіміз керек. Жастар маман болып даярланғанда өз тілінде сөйлейтіндей болу керек, — деді Оразалин.
Ұсынған: Фариза Жомартқызы
Оставить комментарий