Словакияда тұңғыш рет әйел адам ел президенті болып сайланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ресейдің bbc.com сайтына сілтеме жасап.
Словакияда өткен президенттік сайлаудың екінші турында адвокат, құқыққорғаушы, жемқорлықпен күресуші Зузана Чапутова жеңіске жетті. Қарсыласы Марош Шефчович жеңімпазды жеңісімен құттықтады.
Чапутованың саяси тәжірибесі жоқ. Ол сайлауды зұлымдық пен жақсылықтың күресі деп атады.
Оған сайлаушылардың 58,38 пайызы қолдауын білдірді. Ал Чапутованың қарсыласы Еурокомиссия төрағасының орынбасары Марош Шефчовичты азаматтардың тек 41,62 пайызы жақтады. Сөйтіп, Словакияда алғаш рет әйел президент болды.
Ал сайлаудан кейін баспасөз мәслихатын өткізген Зузана Чапутова елдің дамуына бар күш-жігерін аямайтынын айтып өтті. Жаңа президент қызметіне маусымның 15-інде кіріседі деп жазады аталмыш сайт.
Ұсынған: Мақпал Сембай
Оставить комментарий