Денис Тен өлген ауданда тағы бір чемпионның көлігінің айнасы ұрланды

/uploads/thumbnail/20180510171640531_small.jpg

Алматыда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің аумағындағы көліктұрақтардың бірінде Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігіне ұры түсті деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі inAlmaty.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Дәмханада достарымен бірге түскі асын ішіп шыққан спортшы көлігінің айнасының қолды болғанын көріп, бірден полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары жедел жетіп, тиісті құжаттар толтырған. 

"Toyota Land Cruiser көлігін Олимпиададан кейін сыйға тартып еді. Бір айнасы 400 мың теңге шамасында тұрады. Біз Денис Тенді өлтіріп кеткен жерге жақын маңда отырдық. Адамдар айна ұрлығын әлі де қоймапты, қалай ызаланбайсың. Халқымыз түк те өзгермейді екен", - деді Дмитрий Баландин.

Еске сала кетсек, бір жыл бұрын дәл сол ауданда Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын. Осы жылы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерлерге үкім шығарды. Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға, ал Жанар Толыбаева 4 жылға сотталды.   

Ұсынған: Мақпал Сембай

Оставить комментарий

Связанные Статьи